"Ол менің күйеуіммен бірге түнгі ауысымға шығатын". Марқұм полицейдің әйелі пікір білдірді

/image/2020/05/26/crop--2_8_584x726_b0326960-5a69-477f-9e87-31e4f9b96fda-750x603.jpg

Алматыдағы № 4 блокпостағы жол көлік оқиғасының салдарынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірі Дастан Абдықановтың әйелі Динара Абдықанова ZTB instagram парақшасына білдірген пікірінде күдікті – BMW көлігінің жүргізушісі марқұм күйеуінің әріптесі болғанын айтты.

 

"Кінәлі жүргізуші полицияда жұмыс істемейді деген – өтірік. Ол менің күйеуіммен бірге түнгі ауысымға шығатын. Мен оларға өз қолыммен әлденеше рет астарын дайындап бергенмін. Күйеуімнің әріптестерін жақсы танимын. Өтінемін, шындықты айтыңыздар! Керемет әке мен күйеу болған адамды өлтірген қаскөйді қорғамаңдар! Өлген адамдардың аруағын сыйлаңдар" деп пікір білдірген Динара Абдықанова.

 

Бұған дейін Алматының полиция департаменті жүргізушінің полиция сапында істегенін растаған.

"Жан түршігерлік жол-көлік оқиғасын жасаған жүргізуші бұған дейін полиция шенін таққаны рас. Ол полицияда 6 жыл жұмыс істеп, қызметтік міндетін дұрыс атқармағандықтан 4 мәрте тәптіптік жазаға тартылған. Артынша ішкі істер органынан шығарылған. Алайда ол бұдан кейін де дұрыс қорытынды шығара алмапты. Заңды бұзып, ауыр салдарын біле тұра мас күйінде рөлге отырып, құлмыс жасады" деген Алматы полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Оның алдында полиция департаментіндегілер күдіктінің полицияда істегенін жоққа шығарған. Департаменттегілер бастапқыдағы мұндай пікірді тиісті ақпараттың келіп түспегенімен түсіндірді.

Сондай-ақ желіде "күдіктінің әкесі де полицей болғаны, оның жуырда ғана зейнетке шыққаны" туралы ақпарат тарауда.

Шамшархан Өмірзақов атты желі қолданушысы күдікті оқиға болған кезде полиция формасында болған болуы мүмкін деп санайды. Өйткені күдікті ұсталған сәтте түсірілген суреттерде ол жалаңаш жатыр.

а

Бүгінде күдіктіге қатысты екі немесе одан да көп адамды өлтіргені үшін ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

25 мамыр күні таңға жуық Алматыдағы № 4 блокбекетте BMW жүргізушісі мас күйінде бетон қоршауға соғылып барып, инерциямен патрульдік полиция көлігін соққан. Жол-көлік оқиғасынан екі полиция қызметкері көз жұмды. Тағы бір полицейдің жағдайы ауыр.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар